Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік басқару құқығынсыз мас күйде бөтеннің көлігін айдап кеткен ер адам ұсталды

Қызылордада көлік басқару құқығынсыз мас күйде бөтеннің көлігін айдап кеткен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қызылорда қаласы Полиция басқармасының 102 арнасына қала тұрғынынан белгісіз біреулер үйінің алдында тұрған Nexia автокөлігін белгісіз бағытқа айдап кеткендігі жөнінде хабарлама түскен. Жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде патрульдік полиция қызметкерлері көшелерді аралау барысында Әл-Фараби мен Сағымбаев көшелерінің қиылысында маневр дұрыс жасамағаны үшін Nexia автокөлігін тоқтатқан.

Тексеру барысында ол ұрланған автокөлік екені анықталды. Сонымен қатар, соттың шешімімен жүргізуші куәлігінен айырылғандығы және автокөлікті масаң күйде басқарғандығы белгілі болды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігі (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) және 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру