Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтааралда ер адам жарты млн теңгенің телефонын қолды еткен

Мақтааралда ер адам жарты млн теңгенің телефонын қолды еткен, – деп хабарлайды Polisia.kz

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жас жігіттің айтуынша, оның үйінен Iphone 12 Pro телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 500 мың теңгеге жуық.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды.

Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары бірден іске кірісті. Олар қылмысты ашуға бағытталған қажетті шараларды жүзеге асырды.

Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Анықталғандай, жәбірленуші үйін сатылымға қойған. Ал күдікті үйді сатып алушы болып келген. Ол шкаф үстінде тұрған телефонға көзі түсіп, бөтеннің мүлкін жасырын жымқырған. Полицейлер күдіктіден ұялы телефонды айғақ зат ретінде алды. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру