Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер автобуста қалта ұрысын ұстады

Елордалық полицейлер автобуста қалта ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы ПД криминалдық полиция қызметкерлері қоғамдық көлікте қалта ұрлығын жасаған күдіктіні ұстады. Ол еш жерде жұмыс істемейтін 25 жастағы ер адам болып шықты.

Қалта ұрысы өзінің құрбанын адам көп жиналатын автобустарда немесе аялдамаларда іздеген, онда әдетте көптеген адамдар өз көлігін күтіп тұрады. Қаскүнем адам толы қоғамдық көлікке мініп, көпшілік ортасында қыздың қалтасынан ұялы телефон ұрлап алған. Ұсталған азамат кінәсін мойындады.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оның қала аумағында бұрын жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысытылығы тексерілуде.

– Қала тұрғындары мен қонақтарынан қалта ұрыларының құрбаны болмас үшін қырағы болуды сұраймыз. Адамдар көп жиналатын жерлерде болған кезде жеке заттарыңызды мұқият қадағалаңыз, қол жетімді жерлерде бағалы заттарды алып жүрмеңіз, ақшаны киімнің ішкі қалтасында ұстаған жөн, – дейді Астана қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Дастан Қалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру