Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай академиясында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Қостанай академиясында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz

Іс-шараға оқу орнының басшылығы, ардагерлері мен жеке құрамы қатысты.

Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін Ішкі істер министрінің және академия бастығының бұйрығымен жоғары оқу орнының ерекше көзге түскен қызметкерлеріне мерзімінен бұрын басшы құрамның арнаулы атақтары, грамоталар мен алғыс хаттар берілді.

Полиция подполковнигі атағын Экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл бойынша ҚАЖ мамандарын даярлау орталығының бастығы Мырзабек Туйганов пен Жоспарлау және бақылау бөлімінің бастығы Нұрбек Есенжолов мерзімінен бұрын алды.

“Ішкі істер органдарының үздігі” төсбелгісі жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің аға оқытушы-әдіскері Ботагоз Арстанбаеваға табыс етілді. ОӘО қызметкерлерлері Алия Каитова мен Жанель Ғазиз ІІМ-нің грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталды.

Жауап қалдыру