Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да сотталғандар қоғамдық көліктерді жөндейді

ШҚО-да сотталғандар қоғамдық көліктерді жөндейді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты Өскемен қаласындағы №24 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар бүгінде Өскемен қаласындағы қоғамдық автобустарды жөндеп, оны тексеріп шығару бойынша жұмыс атқарып жатыр.

Бұл қоғамдық көлік жөндейтін мекемеде 10 нан астам жазасын өтеуші жұмысқа орналастырылып, жұмыспен қамтылған.

– Мекемедегі сотталғандардың басым көпшілігі жұмыспен қамтылған. Айлықтары да жаман емес. Жұмыс берушілер тарапынан да қосымша сыйақы төленеді. Жазасын өтеп жатқан сотталғандардың қоғамда өз орындарын тауып, дұрыс бағытта өмір сүрулерінің бірден бір бастауы – еңбек, – деді сотталғандарды жұмыспен қамту бөлімінің бастығы Арай Кошербаева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру