Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды

Астанада көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Апаттылықты азайту және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында елордалық полиция жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты жандандырды. Осыған байланысты “Мас жүргізуші – қылмыскер!” жедел алдын алу іс-шарасы аясында тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар жүргізіліп тұрады.

“102” арнасына куәгерден ВАЗ 21114 көлігін мас адам басқарғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына автопатруль жіберілді. Автокөлік Манас көшесінде тоқтатылды. Тексеру кезінде 28 жастағы жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шығып тұрған. Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша ол “жеңіл дәрежедегі” мас күйде болған.

Елорда тұрғыны бұған дейін 2022 жылы ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабының 4-бөлігіне сәйкес, автокөлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды.

– Жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру – басым бағыттардың бірі. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтардың жолын кесу, сондай-ақ автокөлікті мас күйінде басқаратын жүргізушілерді анықтау – елордалық полицияның басты міндеті. Профилактикалық рейдтер тәулік бойы жүргізіледі”, – деп атап өтті Астана қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Дәурен Қазбеков.

Елордада 4 күн ішінде мас күйінде болған 50 жүргізуші, көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзудың 6 фактісі анықталды. Екі жүргізуші ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Полицейлер мас күйінде көлік жүргізу фактілеріне куә болған азаматтардан 102 немесе 71-65-25 телефондары арқылы хабарлауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру