Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалықтар полицияға 5 млн теңгеге жуық қаражатқа қару тапсырды

Ақмолалықтар полицияға бес млн теңгеге жуық қаражатқа 94 қару бірлігін тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңірде 25 сәуірден бастап республика бойынша басталған тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды халықтан сатып алу акциясы жалғасуда.

Ақмолалықтар қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырғаны үшін қарудың түріне қарай әр бірлігіне 10-нан 100 АЕК-ке дейінгі сомада төлем алады. Айта кету керек, 23 бірлік бойынша төлемдер тағайындалды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай акция жыл сайын өткізіледі, оның мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдану арқылы жасалған қылмыстардың алдын алу. Сондай-ақ, бұл азаматтарға бірнеше санат бойынша бағаланатын ерікті түрде тапсырылған қару бірлігі үшін қосымша ақшалай сыйақы алуға мүмкіндік береді.

Акция басталғаннан бері ақмолалықтар полиция бөлімшелеріне 94 қару, оның ішінде 85 бірлік тегіс ұңғылы, сегіз ойық ұңғылы, бір бірлік травматикалық қару және бір гранатаны тапсырды. Сонымен қатар, ойық қарудың 40 патроны тапсырылды. Бұл қару қазір 4 млн 964 мың теңгеге бағаланып отыр.

Барлық тапсырылған қарулар ІІМ есебі бойынша тексерілді, криминалистикалық сараптамадан өтуде. Зерттеу нәтижелері бойынша азаматтарға ақшалай қаражат төленетін болады. Айта кету керек, акция бөлінген қаражат толық игерілгенге дейін жалғасады.

Сондай-ақ, полицейлер тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру