Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған 9 мас жүргізуші ұсталды

Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық полиция бөлімінің қызметкері қызметтік көлікпен келе жатып, таза жол бола тұрып қардан тазаланбаған жолмен келе жатқан «Лада Priora»,көлігін байқап қалады

Дереу көлікті тоқтатқан, полция қызметкері салондағы алкоголь иісін сезіп қалады. Медицианалық сапараптама жасалған соң, 1975 ж туған жергілікті тұрғын екенін анықтайды. Сондай ақ, ол 2017 жылы сот шешімімен көлік құралын жүргізу құқығынан 3 жылға айырылғаны туралы ақпарат белгілі болады.   Жүргізуші куәлігін қайтаруға не бәрі 10 ай қалды. Енді ол заңнамаға жақында енгізілген өзгертулермен күшейтіліп, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Бұл факті 1-ші бөлім бойынша Қылмыстық кодекстің 346-бабы «Көлік құралын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткі және (немесе) есірткіні асыра пайдаланған адамның көлік құралын жүргізу, сондай-ақ мұндай адамға көлік құралын беру немесе осындай адамның көлігін басқаруға рұқсат беру» бағыты бойынша сотқа дейінгі тергеудің Бірыңғай тізіліміне енгізілген.  Күдіктіге қатысты келу міндеттілігі түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

«Автокөлік иелері біле жүріңіздер,  Қылмыстық кодекстің 346-бабының 11-ші қаңтарда күшіне енген заңнамаға сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық санатынан қылмыс санатына ауыстырылды», – дейді полиция полковнигі Қайрат Қасымбеков.  Оның айтуынша,  баптың бірінші бөлігінде қарастырылған ең төменгі жаза: айыппұл 200-ден 5000 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылды, қоғамдық қызмет көрсету мерзімі 200-ден 1200 сағатқа дейін, 50 күнге дейін қамаудың орнына, баптың 1-бөлімі 5 жылға дейін шектеу немесе бас бостандығынан айыруды көздейді. Осы бапта көзделген әрекет, абайсызда, екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жағдайда, сегіз жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.

Жалпы, жыл басынан бері полиция қызметкерлері облыста бұрын басқару құқығынан айырылған және мас күйінде рөлде отырған адамдарға қатысты 9 қылмыстық іс қозғады. Бесеуі жаңартылған Қылмыстық кодекс бойынша жауапқа тартылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру