Бұрын сотты болған азамат түрмедегі достарына «сәлемдеме» беріп жібермек болған
ШҚО-да бұрын сотты болған азамат түрмедегі достарына «сәлемдеме» беріп жібермек болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Колония қызметкерлері тыйым салынған заттарды мекеме аумағына жеткізуге тырысқан Өскемен қаласының екі тұрғынын бір күнде ұстады.
ШҚО бойынша ҚАЖД қарасты ОВ-156/3 колониясының қызметкерлері аумақтың сыртқы периметрін аралау кезінде оларды көріп, қашып кетуге тырысқан ер адамды байқады. 43 жастағы ер адам ұялы телефондар мен қуаттағыш салынған пакеттерді лақтыруға тырысқан. Ол бұған дейін бірнеше рет сотты болып, бостандыққа шыкқан, ал бұл жолы темір тордың арғы жағында қалған достарына «сәлемдеме» әкелмек болған.
Келесі факті тексеру кабинетінде орын алды, онда күйеуімен кездесуге келген жас қыздан қызметкерлер ақша тәркіледі.
– Сотталғандардың пайдалануға тыйым салынған заттарды алып өтуін болдырмау және алдын алу бойынша жұмыстар әр секунд сайын жүргізілуде, олардың түсуінің барлық тәсілдері мен тетіктері анықталуда. Мекеме қызметкерлері мен Ұлттық ұланның жауынгерлері әрдайым мұқият және құқықтық тәртіпті сақтауда, – деді ШҚО бойынша ҚАЖД бастығының м.а. Қанат Зиянов