Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда көші-қон заңнамасын бұзған 300-ден астам шетелдік жауапқа тартылды

Маңғыстауда көші-қон заңнамасын бұзған 300-ден астам шетелдік жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Тамыз айының 22-28 аралығында Маңғыстау облысы аумағында “Мигрант-2022” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліуде. Іс-шараның алғашқы екі күнінде шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР-ның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 305 шетелдік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды қабылдағаны үшін 114 ҚР азаматына ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы (Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша хаттама жасақталды.

Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тартқаны үшін 11 тұлға жауапкершілікке тартылды. ҚР аумағынан тысқары шығару туралы 25 сот шешімі шығарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру