Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды

Ақтөбе облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz

23-нен 24 тамызға қараған түні шамамен сағ.00.50-де  Шалқар –Ырғыз автожолының 91-шақырымында Toyota Estima автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, аударылып кеткен.

Жол көлік оқиғасы салдарынан алған жарақаттардан үш адам қайтыс болды. Сонымен қатар,  төрт адам Шалқар қаласының орталық ауруханасына жатқызылды.

Облыстық Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушылардан сақ болуды және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру