Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Былтыр СҚО-да 495 интернет-алаяқтық тіркелген

СҚО-да жұртшылық өкілдері полицейлермен интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы туралы мәселелерді талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы туралы мәселелер биылғы жылы алғаш рет өткізілген Полиция департаменті жанындағы Консультативтік-кеңесші органның кеңесінде қаралды. Консультативтік-кеңесші орган мүшелері полиция басшылығымен мәселелерді талқылап, өз ұсыныстарын жасады.

Барлық санитарлық нормаларды сақтай отыра, диалогқа Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев, облыс аппараты бөліністерінің басшылары, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс режимінде қосылған қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің бастықтары қатысты.

ККО төрағасы Жасұлан Ахметовтің сөзінше, өткен жылғы карантиндік шектеулерге қарамастан – полицияның халықпен жұмысын оңтайландыру бойынша кешенді жұмыс атқарылған. Автоапаттардың алдын алу аясында халықтың пікірлері зерделенді, есірткіграффитилерді өшіру бойынша жұмысты ұйымдастырумен байланысты, сондай-ақ учаскелік полиция инспекторларының, арнайы ХҚКО жұмыстарындағы түйіткіл мәселелер шешілді.

Тікелей және қашықтықтан жасалатын алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселесі ККО мүшелерінің биылғы жылы отырыста тыңдаған алғашқы тақырыбына айналды. СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы П.Климовтың айтуынша, пандемия аясында криминалдың аталған түрі барынша артқан. 2020 жылы тіркелген 727 алаяқтықтың 495-і интернет желісінде жасалған. 166 факті бойынша күдіктілер Қазақстан Республикасынан тыс жерде. Желілердегі алдап-арбаудың саны біздің облысымызда ғана емес, еліміз бойынша да артып отыр. Бұл қылмыс түрін ашу үшін жан-жақты талдаулар мен көп уақыт қажет. ККО мүшелерінің ұсынымдары: халық арасында профилактикалық және түсіндірме жұмыстарын жүргізуді жалғастыру, әлеуметтік бейнероликтер, дәрістер мен көрнекі үгіт арқылы цифрлық гигиенаның негізгілерін түсіндіру.

Полиция департаментінің Көші-қон қызметі бастығы Талғат Әбілов халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру туралы баяндамасын оқыды. 2020 жылы СҚО-да 134 мың мемлекеттік қызмет көрсетілген. Ең көп сұранысқа ие қызмет түрлері – төлқұжаттар мен жеке куәліктер беру, ҚР азаматтарын тұрғылықты жерлері бойынша тіркеу болып табылады.

Азаматтарға қолайлы болу үшін басшылықпен байланыс жолдары әлеуметтік желілерде жарияланды. Бұл азаматтардың мәселелерін жылдам шешуге мүмкіндік береді. ККО мүшелері еңбек көші-қон және құжаттандыру мәселелері бойынша халыққа практикалық семинарлар өткізуді, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде барынша көңіл бөліп, сыпайы әрі ізетті болуды ұсынады.

Ұсынымдары полицейлердің көпқырлы жұмысына зор қолдау болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру