Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да пәтер ұрлығы 33 пайызға азайды

Солтүстік Қазақстан облысында пәтер ұрлығы 33 пайызға азайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылжар ауданының полиция бөліміне аудан орталығы Бескөл ауылының тұрғыны жүгінді. Ол қора қабырғасындағы тақтайлардың бұзылғанын және шаруашылық үй-жайдан су жылытқыш, “Toyota Crown” автомобилінің төрт темір дискісі және екі шойын батарея қолды болғанын анықтаған. Шығын сомасы 64 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні – бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған аудан орталығының 52 жастағы тұрғынын ұстады. Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-б. (Ұрлық) бойынша енгізілді. Күдіктіге қатысты міндетті келу түріндегі мәжбүрлеу шарасы тағайындалды. Қазіргі уақытта ұрланған заттардың бір бөлігі металл қабылдайтындардан алынып, иесіне қайтарылды.

– Бөтеннің мүлкін ұрлау – ең көп жасалатын қылмыстардың бірі болып табылады, – деді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климов. – Олардың басым бөлігі – пәтерден ұрлау. Аталған қылмыстың жасалуын азайту – полицияның профилактикалық жұмысының басты міндеті. Өткен жылдың қорытындылары бойынша пәтерден ұрлау 33%-ға төмендеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру