Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері “жалған қоңырау” үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді

Түркістан облысының полицейлері “жалған қоңырау” үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат таратқаны және хабарлағаны үшін ҚР ҚК-нің 273-бабына сәйкес “Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама” қылмыстық жауапкершілік көзделгенін, сондай-ақ бұндай кезде 5000 АЕК дейін айыппұл немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылатынын ескертеді.

Әдетте, жалған хабарламаны белгісіз адамдар телефон қоңырауы немесе әлеуметтік желілер арқылы, оның ішінде бұзақылық ниетпен немесе мас күйінде таратады. Кейбір азаматтар жауапкершілікті түсінбей, немқұрайды қарап, жалған ақпарат таратып материалдық шығын келтіретінін өзі түсінбей жатады. Аталған шығындар қатарына арнаулы қызметтерді тарту, азаматтарды эвакуациялау және қауіп-қатерлерді тексеруді жүргізуді қосуға болады. Мұндай әрекеттер көбінесе полиция мен басқа да қызметтердің нақты қылмыстарды ашуға және қиыншылыққа тап болғандарға көмек көрсетуге пайдаланылуы мүмкін күштерін алаңдатып жатады.

Сонымен бірге, заң бұзушы “жалған террористер”, өздерінің жалған қоңырауларының салдары қаншалықты ауыр болатынын түсінбейді. Айта кетейік, бүгінгі таңда заманауи технологиялардың көмегімен бомбалар туралы “қалжыңдауға” шешім қабылдаған шабуылдаушылар бір тәулік ішінде анықталуы мүмкін. Азаматтардың осындай ессіз әзілдерінің соңы, олар үшін үлкен айыппұл төлеуге немесе нақты мерзімге бас бостандығынан айырылу жазасына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар тәртіп бұзушылар, жедел әрекет ету қызметтеріне жалған қоңырау шалғаны үшін шығындарды толық көлемде өтеуге міндетті болады.

Мәселен, өткен жылы Түркістан қаласындағы “103” жедел жәрдем пультіне белгісіз біреу қоңырау шалып, Жетісай аудандық ауруханасына бомба қойылғанын хабарлаған. Оқиға орнына бірден полиция келіп, арнайы техникалар жеткізілген. Олар медициналық мекеменің аумағын қоршап алып, адамдарды эвакуациялады. Нәтижесінде тәртіп сақшылары жарылғыш құрылғыны таппады, ал “бомба қойылды” деген хабарлама жалған болып шықты. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Түркістан облысы ПД-ның полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ретінде Жетісай ауданының тұрғынын ұстады. Сотқа дейінгі жинақталған тергеу материалдары айыптау актісімен сотқа жолданды. Нәтижесінде, сот қаулысымен жалған ақпарат беруші екі жылға бас бостандығынан шектеліп, 100 сағаттық мәжбүрлі жұмысқа тартылды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тағы да азаматтарға ескертеді: жарылғыш құрылғылар туралы жалған хабарлама немесе терроризм актісінің орын алу қаупі жөніндегі өтірік ақпараттарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Егер де, сіз, осындай құқық бұзушылықтар туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, тез арада полицияға “102” телефонына хабарлаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру