Дәмханада кальян шеккен 18 жастағы павлодарлық жауапқа тартылды
Дәмханада кальян шеккен 18 жастағы павлодарлық жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері заңға қайшы әрекеттерді анықтау үшін күн сайын рейдтік іс-шаралар өткізеді.
– Мәселен, Павлодар қаласындағы ювеналдық полиция қызметкерлері Академик Марғұлан көшесіндегі дәмханада аталған мекеменің 18 жастағы келушісінің кальян шегу фактісін анықтады. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалды, сондай-ақ осы мекеменің әкімшісі ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 3-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деп хабарлады Павлодар қаласы Орталық полиция бөлімінің бастығы Руслан Әуесхан.