Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда екі ер адам интимдік қызмет көрсететін әйелдерді тонап жүрген

Алматыда екі ер адам интимдік қызмет көрсететін әйелдерді тонап жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алмалы аудандық Полиция басқармасының мәліметінше, зардап шеккендердің бірі полицияға түнгі уақытта хабарласқан.

– Ол екі бейтаныс адамның оның жалдамалы пәтеріне клиенттің атын жамылып келіп, ұрып-соғып, 100 мың теңге ақшасы мен ұялы телефонын алып кеткенін айтты. Қаскөйлер жәбірленушіні шарасыз күйде қалдырып, қашып кеткен. Күдіктілердің тұрғын үйге тонау мақсатында қасақана барғандығы анықталды. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер ұсталды. Бұл 21 жастағы З.есімді азамат пен 20 жастағы Д.есімді азамат. Екеуі де жұмыссыз. Қазіргі уақытта ұсталғандардың осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде, өйткені тергеу амалдары барысында күдіктілердің тек “жұмыста” пайдаланған ұялы телефоны тәркіленді: онда интимдік қызмет көрсететін ондаған әйелдердің нөмірі болған, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Ұсталғандардың екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған адамдардың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды мына телефон нөмірлеріне хабарласуларын сұраймыз: 8-775-774-44-41; 8-775-106-18-84; 8-778-620-82-16.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру