Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Дәмханадан телефон ұрлаған әйелді полицейлер тапты

Түркістан облысының полицейлері ұялы телефон ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам АПБ-на жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында көше бойында орналасқан дәмханалардың бірінде үстел үстінде тұрған «ОРРО» маркалы ұялы телефонын белгісіз біреу жасырын түрде ұрлап кеткенін көрсеткен. Жалпы келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгеден асты.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеліп, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сайрам АПБ КПБ-нің қызметкерлерінің «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы өту барысында күдікті азаматшаның жергілікті тұрғын екені анықталды. Тәртіп сақшылары камералардан бақылап, тәулік ішінде күдіктіні тұрғылықты мекен-жайынан тауып, АБ-на жеткізді. Айғақты зат ретінде телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болу және құнды заттарды қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Қымбат ұялы телефондар, ақша және құнды заттарды көпшілік алдында көрсетпеу керек, оларды сөмкенің ішінде немесе киімнің ішкі қалтасында сақтау керек. Бөлмелер мен үйде бейнебақылау камералары мен күзет дабылы орнатылуы керек. Бағалы заттар ұрланған немесе жоғалған жағдайда, тез арада полицияға «102» телефоны арқылы хабарласқаныңыз жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру