Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция қызметкерлері мас халде жол көлік оқиғасын жасаған күдіктіні анықтады

Полиция қызметкерлері мас халде жол көлік оқиғасын жасаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бәйдібек аудандық полиция бөліміне “Ауди 80” маркалы автокөлігі бір азаматты қағып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Аталған хабарлама бойынша оқиға орнына тәртіп сақшылары жедел жетіп, істің мән-жайын анықтады. Кешкі сағат 20:00-дер шамасында жергілікті тұрғын болып табылатын тұрғын өзінің басқаруындағы “Ауди 80” маркалы автокөлігімен келе жатып, алдында бір бағытта кетіп бара жатқан “Зид 150” маркалы мотоцикілінің артыңғы бөлігінен соғып, жол-көлік оқиғасын жасаған.
Нәтижесінде “Зид 150” маркалы мотоцикілдің жүргізушісі түрлі дене жарақаттарын алып, орталық ауруханалардың біріне, хирургия бөліміне жеткізілген.

Полиция қызметкерлері тергеу амалдары барысында жол апатын жасаған күдіктінің мас халде көлік басқарғанын анықтады.

Осы орын алған жол көлік оқиғасы ҚР ҚК-нің 345-1 бабы (Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша тіркеп, тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға әрдайым абай болу және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Тәртіп сақшылары жылдамдықты асырмауды, маневр жасау ережелерін бұзбауды, қарсы қозғалыс жолағына шықпауды және басқа да құқық бұзушылықтады жасамауды ұсынады. Ең бастысы ішімдік ішіп көлік тізгіндемеңіз. Бұл өз өміріңізбен қатар, өзгеніңде өміріне қауіпті болмақ, – деп ескертеді жол сақшылары.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру