Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Дәріхана қызметкерінің телефонын ұрлаған күдікті анықталды

Түркістан облысының полицейлері дәріхана жанынан өтіп бара жатып, сатушысының ұйықтап жатқандығын байқап,  ұялы телефонын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын, Сарыағаш қаласында орналасқан дәріханалардың бірінің қызметкері арызданады. Оның айтуынша, «Samsung» маркалы ұялы телефонын белгісіз адам жасырын жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 250 000-ге жуық теңгені құрады.

Аталған арыз Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесіне сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полицейлер тобы жедел әрекет ету арқылы ұрлық жайты болған дәріханаға бағыт алады және дәріхана сатушысы, жәбірленуші әйелден басқа да көрген-білгендерден жауап алды. Нәтижесінде, бір апта ішінде күдіктіні қолға түсірді.

Тергеу барысында белгілі болғандай, күдікті жергілікті тұрғын, жұмыссыз жігіт болып шықты. Бұрын ұрлық жасап, кешірім беруінің арқасында қылмыстық жауапкершіліктен қысқартылғаны айқындалды. Ол ұрлық жасайтын күні дәріхана жанынан өтіп бара жатып, терезеден сатушының
ұйықтап жатқанын, жанында ұялы телефоны тұрғанын байқап қалады. Үстел үстінде тұрған телефонды ешкімнің назар аудармай тұрғандығын пайдаланып, тез арада қалтасына салып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Ұялы телефонды сата алмай, өзі қолданып жүргені анықталды. Бас шарасы қолхатпен босатылды. Бүгінгі таңда аталған күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полицейлер жеке мүлікке мұқият болып, сақтық шараларын қолдану қажеттілігін ескертеді.
Мүліктің кез-келген түріне жауапкершілікпен қарағанда ғана мұндай жағдайларды азайтуға болады.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру