Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Дәрмек»: Маңғыстау полицейлері 20 есірткі қылмысын анықтады

Маңғыстау полицейлері 20 есірткі қылмысын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6-12 қыркүйек аралығында «Дәрмек-2021» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу аясында Маңғыстау полицейлері алты күн ішінде есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қатысты 20 есірткі қылмысын анықтады. Іс-шара барысында алты қылмыстық құқық бұзушылық анықталса, оның екі дерегі ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігі бойынша , төрт дерегі Қылмыстық кодекстің 296-бабы бойынша 4-бөлігі бойынша. Сондай-ақ, өткізу мақсатынсыз есірткі заттарын сақтаумен байланысты ҚР ҚК 296-бабы 2-3-бөлігі бойынша 14 қылмыстық есірткі сатылғаны анықталды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы жеті хаттама жасалды: 

ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабының 2-бөлігі бойынша 1 факт (Дәрілік затты рецептісіз босату);

ҚР ӘҚБтК-нің 427-бабының 1-бөлігі бойынша 4 факт (Үй-жайларды техникалық нығайту қағидаларын бұзу);

ҚР ӘҚБтК-нің 464-бабының 1-бөлігі бойынша 2 факт (Прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы қызметті лицензиялау ережелерін (нормаларын) бұзу).

Заңсыз айналымнан 1 келі 748 гр.түрлі есірткі құралдары алынды, оның ішінде 1 келі 660 грамм «марихуана» және 88 грамм синтетикалық есірткі («мефедрон», «Альфа PVP» және басқа аналогтар).

Мәселен, 6 қыркүйек күні Маңғыстау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Өзбекстан Республикасының азаматтарын ұстады.

Тінту кезінде олардан жалпы салмағы 50 грамм, 30 дана болатын полиэтилен пакеттерге салынған «мефедрон» есірткі заты табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Тиісті сараптама тағайындалды.
Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасуда және кінәлілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, түпкілікті шешім оның нәтижелері бойынша қабылданатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру