Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Дәрмек» ЖПІШ: Түркістан облысында 20-дан астам есірткі қылмысы анықталды

Түркістан облысының полицейлері «Дәрмек» жедел-профилактикалық шарасы аясында, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ жоспарына сәйкес Түркістан облысының аумағында «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Оның негізгі мақсаты – есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын, фармацевтикалық қызмет қағидаларын бұзушылықтарды анықтау, сондай-ақ есірткі құралдарын заңсыз сақтауға, өткізуге және контрабандаға байланысты қылмыстардың жолын кесу. Сонымен қатар, шара кезінде полицейлер, химия-фармацевтикалық, өнеркәсіптік, медициналық мекемелердің құрамында есірткі құралдары және психотроптық заттары бар дәрі-дәрмектерін заңсыз айналымға түсіруіне жол бермеу, осындай құқық бұзушылықпен айналысатын адамдарды анықтау бағытында қарқынды қызметтер атқарды.

«Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысымен полицейлер ӘҚБтК-нің 426-бабы бойынша (Фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы ережелерді бұзу) 13 деректі анықтады. Мәселен, жедел уәкілдер Сарыағаш ауданына қарасты ауылдардың бірінде жергілікті тұрғынды тоқтатып, тексеру кезінде оның қалтасынан 98 дана «трамадол» таблеткасын тапты. Аталған жайт Сарыағаш АПБ-да тіркелді. Жиналған материалдар Түркістан облысы бойынша фармакологиялық бақылауға заңды шешім қабылдау үшін жолданды.Өз кезегінде полиция қызметкерлері есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты 20-дан астам қылмыс пен теріс қылықтарды анықтады. Оның ішінде екеуі есірткі сату дерегі, екеуі контрабанда болса, төртеуі есірткіні сақтау жайты және т.б. Заңсыз айналымнан 80 ампула медициналық препараттар, 98 таблетка және 2,5 кг жуық марихуана тәркіленді. Қазіргі уақытта барлық анықталған есірткі қылмыстары бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру