Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО тұрғыны көлікте револьверді жасырған

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны револьверді көлікте жасырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қаласы Криминалдық полиция қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ атыс қаруын заңсыз айналымнан алу бойынша тиісті іс-шараларды жүргізуде.

Ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында жедел уәкілдерге Глубокое ауданы тұрғындарының бірінің тіркелмеген қаруды заңсыз сақтайтыны туралы ақпарат келіп түсті.

Келіп түскен сигналды тексеру барысында облыс орталығының 59 жастағы тұрғыны анықталды.  Оқиға орнын тексеру барысында ГАЗ-66 көлігінің кабинасынан тапаншаға ұқсас зат табылып, тәркіленді.

Сараптама нәтижелеріне сәйкес, тәркіленген зат – ойық атыс қаруы, яғни өздігінен жасалған,  калибрі 5,6 мм ойық ұңғылы, зарядты атуға жарамды револьвер.

 – Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды. Тәртіп сақшыларымен азаматта қарудың болу мән-жайлары анықталуда, тергеу нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған баптың санкциясы бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сонымен қатар, Полиция департаменті полицияға тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын түсіндіреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру