Павлодар облысында мереке күндері 979 тұрғын әкімшілік жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
46 адам белгіленбеген жерде темекі тартқаны үшін ұсталса, 23 адам түнгі тыныштықты бұзып "көзге түсті".
6 дүкеннің иесі алкоголь өнімдерін сату кезінде ҚР заңнамасын бұзған. Баласын қараусыз қыдыртып жіберген 20-ға жуық ата-анаға әкімшілік жауапкершілікке қатысты хаттама толтыруға тура келді.
529 жүргізуші жол ережесін бұзса, олардың 16-сы ішіп ұсталды.
Басқа да тәртіп бұзушылар туралы айтсақ:
қауіпсіздік белбеуін тақпай жүргендер - 85;
белгіленбеген жерде жолды кесіп өткендер - 78;
жолда ұялы телефон пайдаланған жүргізушілер - 42.
8 наурыз күні түнде Екібастұз қаласында жол сақшылары "ВАЗ 21101" автокөлігін тоқтатты. Жүргізушісі ішімдік ішіп жүргізгені үшін көлігі айып тұрағына қойылды.
Сот шешімімен жүргізуші 7 жыл мерзімге жүргізуші құқығынан айырылып, 15 тәулікке қамауға алынды.