Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Демалыс күндері Қарағандыда 1,2 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Демалыс күндері Қарағандыда 1258 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазан айының 22 мен 25 аралығында Қарағанды қаласының полицейлері жұмыстың күшейтілген кестесінде қызмет атқарды. Осы аралықта полиция қызметкерлерімен 1258 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде жол жүру ережелерін бұзудың 964 дерегі анықталса, қоғамдық қауіпсіздік бағыты бойынша 296 құқық бұзушылық анықталды. Көлік құралдарын мас күйінде басқару бойынша 6 құқық бұзушылық тіркелсе, медициналық тексеруден өтуден бас тартқан 4 тұлғаға хаттама толтырылды. Сонымен қатар қауіпсіздік белдігін тақпаған 39, бағдаршамның қызыл түсіне өткен 38 көлік жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ жаяу жүргіншілердің жол жүру ережесін сақтауы да басты назарға алынды.

– Мәселен, жаяу жүргіншілер тарапынан жаяу жүргіншілер белгісінен өтпеуіне байланысты 131 әкімшілік хаттама толтырылды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 440-бабы, яғни қоғамдық орындарда ішімдік ішу не болмаса масаң күйде болуына байланысты 51 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, әкімшілік кодекстің 434-бабы, яғни ұсақ бұзақылыққа байланысты 52 адам жауапкершілікке тартылды. Полиция бөліміне барлығы 158 құқық бұзушылар жеткізілсе, уақытша оңалту және айықтыру орталығына 48 адам жеткізілді, – деп хабарлады Қарағанды қалалық Полиция басқармасының бастығы Шахназар Салин.

https://youtu.be/jAPfaMWR1do

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру