Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Демалыс» ЖПІШ: Қызылорда облысында полицияға 236 жасөспірім жеткізілді

Қызылорда облысында «Демалыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицияға 236 жасөспірім жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс көлемінде кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу, болдырмау бағытында және олардың жүріс-тұрысына бақылау жасау, заңды өкілдерінің қарауынсыз түнгі уақытта көшеде және ойын-сауық орындарында бей-берекет жүретіндерді анықтау мақсатында 26-30 наурыз аралығында облыс көлемінде «Демалыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара қорытындысымен полиция органдарына 236 кәмелетке толмаған жеткізілді. Оның ішінде 216-сы әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған, ал қалған 15-і қадағалаусыз және панасыз қалған жасөспірім.

Жүргізілген рейдтердің нәтижесінде, ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 17 ата-анаға хаттама толтырылды. ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабымен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) 201 кәмелетке толмаған анықталып, олардың заңды өкілдеріне хаттама рәсімделіп, профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 11 кәсіпкер, жасөспірімдерге темекі және алкоголь өнімін сатқаны үшін сегіз сатушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қызылорда қалалық Полиция басқармасы мен барлық аудан полиция бөлімдерінің ювеналды полиция бөліністерінің қызметкерлерімен ішкі істер органдарына есепке алынған кәмелетке толмағандар және міндеттерін тиісті деңгейде орындамайтын ата-аналармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Олардың тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру актілері жасалды. Облыс көлемінде кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтарды алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру