Департамент бастығы короновирус дертінен көз жұмған қызметкерлердің отбасыларына барды
Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы А.Арыстанов короновирус дертінен көз жұмған қызметкерлердің отбасыларына барып, қаза болған қызметкерлердің жақындарына наградаларын табыс етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Төтенше жағдай кезінде ішкі істер органдарының қызметкерлері тәулік бойы қызмет атқарды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері дәрігерлер сияқты алдыңғы қатарда болды және карантин шараларының қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз етті.
Ақтөбе облысы ПД бастығы қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларымен кездесті.
Полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов 2020 жылдың 4 шілдесінде «коронавирустық пневмониядан» қайтыс болған Хромтау АПБ учаскелік полиция инспекторы Айбат Абиевтің отбасына барды.
Қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, карантин уақытында заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Атығай Арыстанов батырдың отбасына Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың бұйрығымен берілген «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалін табыстады.
Содан кейін облыстың бас полицейі пандемия уақытында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Хромтау АПБ бастығы Марат Бекетаевтың отбасына барды. 25 маусымда М.Бекетаев жұмыс орнынан ауруханаға жеткізілген және «коронавирустық пневмония» диагнозымен стационарлық емдеуде болған, алайда ол 1 шілдеде есін жимастан қайтыс болды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Бекетаев қайтыс болғаннан кейін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Тәртіп сақшылары батырлардың жұбайлары мен ата-аналарына құрмет білдіріп, гүл шоқтары мен сыйлықтар табыс етті.
– Біз Қазақстан Республикасы азаматтарының тыныш өмірі үшін өз өмірлерін қиған әрбір қаза болған полиция қызметкерінің бейнесін, игі істері мен ерліктерін есімізде, жүрегімізде мәңгі сақтаймыз. Олардың батырлығы мен іс-әрекеттері ерлік деп бағаланады, – деп қорытындылады Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы.