Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция қызметкерлері марапатталды

Ақтөбе облысының Полиция департаментінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай ерекше көзге түскен қызметкерлерді марапаттады.

Бұл күнді ел азаматтары ата-бабаларымыз армандаған бостандық пен тәуелсіздік күні деп белгіледі. Біздің ұрпағымызға осы асыл армандарды жүзеге асыру құрметі бұйырды. Біз әлемдік қоғамдастықтың лайықты мойындауына ие болған өзіміздің тәуелсіз қазақстандық жолымызды бастадық. Біз бәрін болашақ үшін, әрбір қазақстандықтың гүлденуі мен әл-ауқаты үшін жасаймыз, – деп атап өтті полиция басшысы Атығай Арыстанов.

ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен қызметте қол жеткізген жетістіктері үшін бес қызметкерге мерзімінен бұрын арнаулы атақтар берілді, бес қызметкер “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалімен, он қызметкер II дәрежелі  “Ішкі істер органдарының үздігі” медалімен, бес қызметкер  ҚР ІІМ Грамотасымен  марапатталып, алты қызметкер ҚР ІІМ-нің Алғыс хаттарына ие болды.

Полиция департаменті бастығының бұйрығымен 505 қызметкерден бұрын қолданылған жаза алып тасталып, екі мыңнан астам қызметкерге ақшалай сыйақы түріндегі көтермелеу тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру