Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Досының үйіне ұрлыққа түскен күдікті ұсталды

Түркістан облысының полицейлері досының үйіне ұрлыққа түскен күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-не жергілікті тұрғын ұрлықтың құрбаны болғандығы туралы арызданған. Жәбірленуші азаматтың айтуынша, түнгі уақытта белгісіз адам үйіне жасырын кіріп, «Samsung» маркалы теледидарын ұрлап кеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 70 мың теңге. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Жедел уәкіл полицей Сейдахмет Бағланның жедел-іздестіру іс әрекеттерін жүргізу барысында күдікті ретінде жергілікті тұрғын анықталып, ТБ-не жеткізілді. Ол жәбірленуші азаматтың досы болып шықты. Қолды болған теледидар айғақты зат ретінде күдікті азаматтың үйінен тәркіленіп, заңды иесіне табысталды. Бүгінгі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Бас шарасы қолхатта.

Тергеу барысында анықталғандай жәбірленуші мен күдікті екеуі ойынханалардың бірінде отырып, ішімдік ішкен. Содан соң досының спирттік ішімдікке сылқия тойғанын пайдаланып, оны ойынханаға қалдырып кеткен. Екі көшеден кейін орналасқан жәбірленушінің үйіне барып, есігін сындырып кірген. Жатын бөлмесіндегі теледидарын ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған. Ұрланған затты пайдалану мақсатында өзінің үйіне алып барған. Қазіргі уақытта өз кінәсін толық мойындап отыр.

Өз кезегінде полицейлер тұрғындарды сақ болуға шақырады. Түркістан облысы полицейлері үйлеріңізді ашық-шашық қалдырмай, аз уақытқа шықсаңызда құлыптап жүріңіздер деп кеңес береді. Оған қоса, осындай ұрлық жайтының құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияның «102» телефонына хабар беріңіздер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру