Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аясында конференция өтті

Жамбыл облысында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аясында конференция өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастауымен онлайн конференциясы өткізілді. Қазақстанның барлық қала, аудан полиция бөлімдерінің Жергілікті полиция қызметі басшылары, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлінісінің қызметкерлері республикалық конференцияға қатысты. Басты талқыланған бүкіл әлемдік мәселе- тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл.

Тараз қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция басқармасы бастығының орынбасары Манас Абдикаримов, халықаралық сарапшы, «Мерейлі отбасы орталығы» директоры Р.Бекишева және ҚР Ішкі істер министірлігінің әкімшілік полиция комитеті бастығының орынбасары Д.Тулегенова республика аумағында әйелдерге және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру. Осыған орай, отбасын қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, жұртшылықты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмауға, қоғамдағы отбасының рөлін нығайтуға бағытталған шаралар туралы таныстыру мақсатында ағымдағы жылдың 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында республика аумағында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» ауқымды акциясы жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру