Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Дүкен иелеріне айыппұл салынды

Ақтау қаласының аумағында полиция учаскелік инспекторлары алкоголь өнімдерін сату бойынша ҚР заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Спиртті сатуды шектейтін заңдар көптеген елдерде бар және ең пәрменді шаралардың бірі дүкендерде алкоголь сату үшін сағат 23:00-ден кейін айыппұл салынады.

Ақтау қаласы Полиция басқармасының ЖПҚ УПИ қала прокуратурасымен бірлесе отырып, іс-шаралар жоспары негізінде алкоголь өнімдері сатылатын дүкендерді тексеруге бағытталған рейдтер жүргізеді.

Осындай рейдтердің бірінде алкогольді сату бойынша бұзушылық фактісі анықталды.

Мәселен, 9 шағын ауданда дүкен сатушысы сағат 23:00 – ден кейін ер адамға алкоголь сусынын сатқан. Инспекторлар алкогольді сату үшін рұқсат құжаттарын тексерді. Дүкен иесі болып табылатын сатушыға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 200-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Материал шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жіберілетін болады.

Сондай-ақ аулаларды аралау барысында учаскелік инспектор қару иесінің сақтау нормаларын бұзу фактісін анықтады. Оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 484-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.

Құрметті азаматтар! Алкоголь өнімдерін заңсыз сатуға қарсы күресте белсенділік танытуды өтінеміз!  

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру