Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қордай ауданының екі тұрғынынан бір келіден астам героин заты табылды

Жамбылдық полицейлер аса ірі көлемдегі есірткі затын сатушыларды ұстады, – деп хабарлайды Polisia kz.
25 ақпан күні арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қордай ауданының 45 және 42 жастағы екі тұрғынының тұрғылықты мекенжайына тінту жұмыстарын жүргізді.
Полиэтиленді қалташаға салынған есірткі заты күдіктілердің бірінің үйінен, екіншісінің жазғы ас үйінен табылды.

Сот-химиялық сараптамасының актісіне сәйкес, тәркіленген зат
«героин» есірткі заты екені анықталды. Есірткінің ауыр түрі саналатын
героиннің жалпы салмағы бір келіден асады.
Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-
бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша

ұстау абақтысына қамаққа алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру