Дүкенде сатып алушының телефондары ұрланды
Павлодар облысы Ертіс ауданының полицейлері дүкенде сатып алушының телефондарын ұрлаған күдіктіні тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ертіс ауылының тұрғыны Светлана Николаевна азық-түлік сатып алуға дүкенге барған. Анасымен бірге дүкенге екі баласы да барады.
Үйге оралғаннан кейін Светлана Николаевна екі қымбат ұялы телефонның жоғалғанын анықтайды.
Болған жағдай туралы Ертіс ауданының учаскелік полиция инспекторы Абылай Игберлиновқа бірден хабарлады.
– Ұялы телефондардың жоғалғаны туралы хабар түскен бойда дүкенге жеттім, – дейді полицей Абылай Зейнуллаұлы.
Бірден дүкеннің өзінде орнатылған бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеген. Сол кадрлардан ұялы телефондарды кім ұрлап алғаны көрініпті. Ол 1959 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты. Телефондар иесіне қайтарылды.
– Біздің учаскелік полицейіміз Абылай Зейнуллаұлына кәсібилігі үшін ризамын, – дейді Светлана Николаевна. – Телефондар қымбат және мен үшін өте қажет. Біздің учаскелік полицейлерімізге қызметте табыс, амандық тілеймін.