Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар полициясы материалдық-техникалық тұрғыда қалай қамтамасыз етілген

Онлайн режимде журналистердің сұрағына Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Дамир Сиразидимов жауап берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Полицияның қамтамасыз етілуі және ұтқырлығы оқиға орнына уақытылы келуге, іздер бойынша қылмыстарды ашуға, тергеу жүргізуге, жедел-профилактикалық іс-шараларды және қоғамдық тәртіп бойынша біздің алдымызға қойылған басқа да тапсырмаларды орындауға тікелей ықпал етеді.

– Биыл департамент бастығының қолдаухаты бойынша облыс әкімдігі бірінші тоқсанда 77 автокөлік сатып алуға қаржы бөлді. Қазір өтімділігі жоғары 42 Нива, 29 Лада-веста, 6 УАЗ-Патриот көлігі алынды. Барлық автокөлік сигналдық-сөйлеу құрылғыларымен, бейнетіркеуіштермен, цифрлық радиостанциялармен жабдықталған. Сонымен қатар тиісті лента жапсырылып, мемлекеттік стандартқа сай жарық гаммасына боялған, – деп мәлімдеді Дамир Сиразидимов.

Сатып алынған автокөлік сәйкес құжаттарды рәсімдеуден кейін, облыс Әкімімен полиция күніне учаскелік инспекторларға және қала, аудан бөлімдерінің патрульдік полиция қызметкерлеріне табысталады.
Сонымен қатар, 531цифрлық радиостанция сатып алуға, сонымен қатар ӘӨБТ жүйесінде электрондық хаттама толтыру үшін 481 планшет және принтер алауға да ақшалай қаражат бөлінгенін айта кеткен жөн.
Бүгінгі күні күнделікті қызметте қолданылатын 300 планшет пен принтер бар.
Бастықтың орынбасары карантиндік кезеңде жергілікті атқарушы органдар бөлген қаржының арқасында және өзіндік үнемдеу есебінен 30 мыңнан астам көпреттік қолданылатын медициналық маска, 1 300-ден астам қорғаныс костюмі, 20 мыңнан астам медициналық қолғап, 500 дана қорғаныс көзілдіріктері, 500 литр антисептикалық құралдар, 10 дана зарасыздандырғыш тоннельдер сатып алынғанын атап өтті.
Барлық әкімшілік ғимарат пен үй-жайларға ауаны залалсыздандыру үшін рециркуляторлар орнатылды. Сонымен қатар бақылау-өткізу пункттерінде, мобильді және стационарлық күзет орындарында, автопатрульде қолданылатын жеке құрамның, келушілердің, әкелінген және қамауға алынған тұлғалардың дене қызуын өлшеу үшін 37 дана пирометр сатып алынды.

– Осыған қоса облыс әкімдігі қызметкерлерге нысандық киім-кешек сатып алуға қаражат бөлді. Мемлекеттік сатып алу процедуралары өткізілді. Қазір киімдер жеткізіле бастады. Биыл нысанды киім-кешек жеке құрамға беріледі, – дейді бастық орынбасары.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру