Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Дүкенге шықтым»: ТЖ режимін бұзған азаматтардың сылтауы

Алматы қаласының Жетісу ауданында төтенше жағдай режимін бұзғандар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ер азаматтар карантин аймағына жаяу баруға тырысты. Олардың әрекеттеріне бірден тосқауыл қойылды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы бойынша жиналған әкімшілік материалдар сотқа жолданды. Сот шешімімен режим бұзғандардың әрқайсысы бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

– Тәртіп сақтамағандардың айтатын өз сылтауы бар: біреуі туысының жағдайын білу үшін қалаға бет алса, енді бірі дүкенге шықтым деп, қалған екеуі жұмысқа бет алғандын айтып ақталды. Бірақ олардың бұл қадамы – өз денсаулығына, одан қалды, жақындарының өміріне қауіп төндіретінін түсінбегенін білдіреді, – дейді Жетісу аудандық полиция басқармасының басшысы Дархан Мұсанов.

476-бап (төтенше жағдай режимін бұзу). Төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттiк орган белгiлеген режимдi бұзу немесе талаптарды орындамау, сондай-ақ жергілікті жер комендантының заңды бұйрықтары мен өкімдерін:

1) келу мен кетудiң ерекше режимi;

2) белгiлi бiр жеке тұлғалар үшiн белгiленген мерзiмге белгiлi бiр жерден, өзiнiң пәтерiнен (үйiнен) кетуге тыйым салу;

3) жиналыстар, митингiлер, шерулер және демонстрациялар, сондай-ақ ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық iс-шараларды өткiзуге тыйым салу;

4) ереуiлдер өткiзуге тыйым салу;

5) қарумен, күштi әсер ететiн химиялық және улы заттармен, сондай-ақ алкогольдік iшiмдiктермен және құрамында спирт бар заттармен сауданы шектеу немесе оған тыйым салу;

6) карантин және басқа да мiндеттi санитариялық-эпидемияға қарсы iс-шараларды өткiзу;

7) көбейту техникасын, сондай-ақ радио- және теле хабар тарату аппаратурасын, аудио- және бейнежазу техникасын пайдалануға шектеу қою немесе тыйым салу; дыбыс күшейткiш техникалық құралдарды алып қою туралы нұсқамалар; бұқаралық ақпарат құралдарын бақылауды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар;

8) байланысты пайдаланудың ерекше қағидалары;

9) көлiк құралдарының жүруін шектеу және оларды жете тексеруден өткiзу;

10) коменданттық сағат кезінде жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын арнайы берiлген рұқсаттарсыз және құжаттарсыз көшелерде немесе өзге де қоғамдық орындарда жүруiне не жеке басын куәландыратын құжаттарсыз өз үйiнен тыс жерде болуына тыйым салу бөліктерінде орындамау, егер бұл әрекеттерде (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –

ескерту жасауға немесе он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру