Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сәтсіз әзілі үшін полицей жұмысынан кетті

Қостанай облысының Ұзынкөл ауданына қарасты Ершовка ауылының учаскелік полиция инспекторы интернетте пайда болған бейнежазбадағы әрекеті үшін қызметінен босатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Учаскелік полицей жолдастарымен бірге Ершовка ауылындағы үйлердің бірінен 28 жыл бойы сақталған спирт толы бөшкені тауып алса керек. Сол жерді ол телефонына түсіріп, жазбаны WhatsApp мессенджері арқылы танысына жібереді.

Алдымен орган өкілі спиртті еденге төгіп, оған от қояды. Бейнежазбада полиция қызметкері жанындағы адамдарымен тапқан “олжаны” сөз етіп, “осынша спиртпен коронавирус қорқынышты емес” деп пікір білдіреді. 

Осы факті бойынша қызметтік тергеу жүргізген мамандар учаскелік инспектордың этикалық нормаларды бұзғанын анықтап, қызметінен босатты.

Бейнежазбаның өзі “Одноклассники” әлеуметтік желісінде таралып кеткен.

 

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру