Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе полициясы карантин режимін қамтамасыз етуге дайын

Ақтөбе облысының полициясы төтенше жағдай режиміне байланысты күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-конференция кезінде Ақтөбе облысы ПД басшысының бірінші орынбасары Қанат Әлиев өңірдегі ахуалды әңгімелеп берді.

Қанат Әлиевтің айтуынша, екі мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық гвардияның және қаланың әскери бөлімдері күшейтілген тәртіпке көшеді.

Қазір өңірдегі ахуал тұрақты. Қылмыс санында өсу жоқ, тіпті кейбір қылмыс түрлері бойынша төмендеу байқалады.

Құқық қорғау орган қызметкерлері күн сайын жұмыс жүргізеді, сондай-ақ карантин жарияланған жағдайда өңірдегі блок бекеттерін ұйымдастыру жұмыстарына қатысады.

“Біз жергілікті атқарушы органдармен, СЭС қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс істейміз. Облыс бойынша 40 блок-бекет ұйымдастырылады, оның ішінде 28 магистральды және 12 периметр бойынша. Магистральдық блок-бекеттер облыс жолдарында ұйымдастырылады. Ақтөбе қаласы бойынша қалаға шығатын және кіретін жолдарда 7 магистралды блок-бекет және периметрі бойынша 12 бекет ұйымдастырылды. Қала 23 секторға бөлінген, карантин кезінде бұл вирус ошағында карантиндік режимді қамтамасыз етуге және барлық қажетті шараларды жүргізуге көмектеседі.

Мұндай жағдайда, әрине, карантин режимін қамтамасыз етеміз. Секторлар қоршауға алынып, инфекция таралмас үшін дәрігерлерге көмектесеміз. Бір сөзбен айтқанда, қала мен облыста карантин режимін қамтамасыз етуге толық дайынбыз.

Бірақ бұл іс-шаралардың барлығы әзірге ескерту сипатында. Қала жабылған жоқ, өңірдегі жолдар ашық”, – деді Қ. Әлиев.

Облыстық ПД басшысының бірінші орынбасары полиция қызметкерлері еріктілермен бірге көңіл көтеру орындары тарапынан ТЖ режимін бұзуды анықтау бойынша жұмысты жалғастыратынын айтты. Қ. Әлиевтің айтуынша, бүгінгі таңда төтенше жағдай режимін бұзудың 24 фактісі тіркелген, барлық тәртіп бұзушылар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекснің 476-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Қ. Әлиев аймақта жедел штаб құрылғанын, оған құқық қорғау органдарының өкілдері де кіргенін еске салды. ТЖ режимін бұзу анықталған жағдайда ақтөбеліктер 936139, 936440, 936339 телефондары бойынша шағымдана алады.

Сондай-ақ ұнауы мүмкін

Жауап қалдыру

Электрондық почтаңыз жария етілмейді.