Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Дүкеннен киім ұрлаған ер адам ұсталды

Түркістан облысының полицейлері дүкеннен киім ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып, дүкенінен белгісіз біреу ешкімге байқатпастан сатылымдағы киімдерін ұрлап кеткенін жеткізді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 20 000-нан астам теңгені құрады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188 бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді.

Оқиға орнына жеткен аудандық полицейлер тез арада әрекет етіп, қылмысты ашуға бағытталған барлық қажетті шараларды іске асырды. Куәгерлерден жауап алып, бейнебақылау камераларын мұқият тексерді. Тексеру барысында полицейлерге, күдікті жаңа киімдерді өзінің киімдерінің ішінен киіп, шығып кеткені белгілі болды. Осылайша ұрының жеке-басы анықталып, ол жергілікті мекен-жайынан ұсталды. Айғақты зат ретінде киімдер алынды.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті бұрын сотты болған, жұмыссыз жергілікті тұрғын. Бас шарасы қолхатпен босатылды. Қазіргі таңда жинақталған іс-құжаттары сотқа жолданды.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға қылмыстық қолсұғушылықтан қорғанып, өз мүлкіне ұқыпты болуын ескертеді. Әсіресе, сауда орындарының қауіпсіздігі мен күзетіне ерекше мән беріп, дүкендерге мықты есік, терезелерге темір тор орнатып, ғимаратты бейнекамералар және дабыл жүйесімен қамтамасыз етуді сұрайды.

Егер де сіз ұрлық немесе тонаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, онда тез арада полицияның «102″ телефонына хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру