Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғынның ауласынан 7 түп қарасора табылды

Түркістан облысының полицейлері кезекті қарасора егістігін жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қарасора-2020″ жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында облыс орталығының аумағынан қарасора егістігін анықтады. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында, полиция қызметкерлері Түркістан қаласындағы үйлердің бірінің ауласынан өзіне тән иісі иісі бар, есірткі заты өсімдігінің түптерін тапты.

Тінту кезінде жедел уәкілдер күдіктіден, яғни бұрын сотты болған жергілікті тұрғыннан, жеті түп қарасораға ұқсас есірткі алды. Тәртіп сақшылары айғақты заттарды сараптамаға жіберді.Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсірубойынша СДТТБТ-да тіркелді. Күдікті істің толық мән-жайын анықтау үшін Полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 Полиция қызметкерлерімен күдіктінің үйінде есірткі заты бар түптерді қандай мақсатпен өсіргені анықталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру