Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғындар сеніміне ие болған учаскелік инспектор

Елордадағы Нұра аудандық полиция басқармасына қарасты №54 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторы Медет Нұрахановқа тұрғындар ерекше ризашылықтарын білдіруде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұрғындардың айтуынша, полицей өз қызметіне жоғары жауапкершілікпен қарап, әрбір шағым мен өтінішке жедел ден қояды. Құқық бұзушылық туралы хабарламаларға уақытылы әрекет етіп, анықталған деректер бойынша заң аясында тиісті шаралар қабылдайды.

Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы профилактикалық жұмыстар жүргізіп, атқарылған іс-шаралар жөнінде тұрғындарға фотоесеп жолдап отырады. Мұндай ашықтық пен жауапкершілік тұрғындардың тәртіп сақшыларына деген сенімін нығайта түскен.

Тұрғындар оның кәсіби біліктілігін, халықпен тиімді байланыс орната білуін және қызметіне адалдығын ерекше атап өтті.

— Қандай мәселе болса да бейжай қарамайды. Түнгі уақытта да тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін еңбек етіп жүреді. Әр әрекетінің нақты нәтижесі көрініп тұрады. Осындай адал қызметі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз, — дейді тұрғындар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру