Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Е.Тұрғымбаев: полиция жұмысы ашық және айқын

Есептік кездесу барысында ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев полиция жұмысының ашықтығы мен айқындығын арттыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы мақсатта бірқатар жаңа өзгерістер қабылданды:

  1. Азаматтарды қабылдау тәртібі қайта қаралды – енді облыстық департаменттер, ҚІІБ, АІІБ басшылары апта сайын азаматтарды қабылдайды.
  2. Азаматтардың көп бөлігін өтініштері бойынша орталық аппарат тұрақты негізде қабылдайды. 2019 жылы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 326 адамды, Министрдің орынбасарлары – 309 адамды қабылдады. Ағымдағы жылы бұл сандар тиісінше 111 және 87.
  3. «Азаматтар үшін қабылдау» жобасы табысты басталды. Қалалық және аудандық полиция бөлімшелерінде 251 қабылдау бөлмесі ашылды.
  4. «Еститін мемлекет» концепциясы шеңберінде және полицияның халықпен өзара тиімді байланысын жақсарту үшін «Жолда қабылдау» акциясы үнемі өткізіледі.
  5. Тұрғындармен тиімді байланыс орнатуға полиция органдары басшыларының және учаскелік инспекторлардың халықпен есептік кездесулері ықпал етеді. Осы кездесулер барысында ағымдағы жылы азаматтардан нақты елді мекендерде полиция жұмысын жақсартуға бағытталған 1000-ға жуық ұсыныс келіп түсті. Ұсыныстардың көпшілігі қазірдің өзінде іске асырылды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру