Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да қатаң тәртіптегі колонияда өндірілетін бөлме есіктері экспортқа шығарылды

Шығыс Қазақстан облысының қатаң режимдегі колониясында өндірілетін сапалы бөлме аралық есіктер халықаралық нарықта үлкен сұранысқа ие болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Томирис” ЖШС 2019 жылдың наурыз айынан бастап ОВ-156/14 және ОВ-156/15 мекемелерінде бөлме аралық есіктер шығару бойынша өндірістік қызметті жүзеге асырады. Кәсіпорын мекемелерде бөлме аралық есіктерді шығару бойынша толық өндірістік циклді қамтитын жабдық орнатылды.

– Кәсіпорынмен екі мекемеде 62 сотталған жұмысқа орналастырылды, алдағы уақытта жұмыс орындарын ұлғайту жоспарланып жатыр. Бүгінгі таңда 3000-ға жуық есік, оның ішінде Арыс қаласындағы үш мектепті қалпына келтіру үшін 600-ден астам есік, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев университетінің жатақханасы үшін 700-ге жуық есік шығарылды,- облыстық департаменттің бастығы Ерсайын Нуртазинов.

Шығарылатын өнімнің ассортиментінде МДФ негізінде қаңқа-қалқан есіктерінің 35 түрі бар. Шығарылатын өнім Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтау, Өскемен қалаларындағы құрылыс дүкендері арқылы сатылады және Қырғыз Республикасына экспортталады.

– Шығыс Қазақстан облысының түзеу мекемелеріне “Колониялардағы жұмыспен қамту 2017” тұжырымдамасын іске асырудың арқасында кәсіпкерлік субъектілерін түзеу мекемелерінде өндірісті орналастыруға тартуға мүмкіндік алды, бұл сотталғандардың еңбекпен қамтылу көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта облыс колонияларында 49 кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді, онда 685 сотталған адам жұмысқа орналастырылды. Түзету мекемелерінің аумақтарында кәсіпкерлер ағаштан, металлоконструкциядан, тігін бұйымдары мен халық тұтынатын тауарлардан құрылыс материалдарын (темір-бетон бұйымдары, шлакоблоктар, газ блоктары, құм блоктары), тротуарлық плиткалар, брусчаткалар, пластик терезелер, бөлме аралық есіктер, жемшөп қоспалары, корпустық және жұмсақ жиһаз) шығару сияқты әртүрлі өндіріс түрлерін ұйымдастырды, – деді Ерсайын Нуртазинов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру