Екі жасөспірім Өскемен колониясына есірткі лақтырмақ болды
Кәмелетке толмаға екі бала есірткіні Өскемен қаласының колониясынның біріне лақтыруға тырысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ОВ-156/3 мекемесінің қызметкерлері түнгі уақытта колонияның айналасын кезекті тексеру кезінде, қоршау арқылы белгісіз затты лақтырмақ болған екі азаматты ұстады.
Олар Өскемен қаласының тұрғыны 17 жастағы мектеп оқушылары болып шықты.
– Кәмелетке толмағандар негізгі қоршау арқылы ақ және жасыл түсті таблеткалары бар екі түйіншекті және ұялы телефон мен зарядкаларды лақтыруға тырысты. Кәмелетке толмағандарға қатысты хаттама толтырылды, – деді колония бастығы Тілеуберген Көнекбаев.
Тәртіп бұзушыларға ҚР Қылмыстық және әкімшілік заңнамасында көзделген жаза тағайындалуы мүмкін.