Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда ер адам досына пышақ жарақатын салды

Көкшетауда ер адам досына пышақ жарақатын салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 9 мамыр күні сағат 02:01-де Көкшетау қаласының ПБ кезекші бөліміне жедел жәрдем диспетчерінен қалалық ауруханаға “ішек жарақаты мен іш қуысының пышақ жарақаты” диагнозымен 39 жастағы ер адамның жеткізілгені туралы телефон хабарламасы түсті. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары зардап шеккен адамның мас күйде екенін анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары жәбірленушінің 47 жастағы досын анықтап, ұстады. Ол ішімдік ішу кезінде жанжал нәтижесінде досына пышақ салғанын мойындады.

Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары ҚР ҚК 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі іс бастады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру