Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұз оқушылары полицияның жұмысымен танысты

Екібастұз оқушылары полицияның жұмысымен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз қаласының оқу орындарында «Мен және менің полицейім» республикалық акциясы басталды. Полиция қызметкерлері өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, балаларды полицияның жұмысымен таныстыру, қоғамдық орындарда және қала жолдарында жүріс-тұрыс ережелеріне оқыту бойынша іс-шаралар жүргізеді.

Акцияның бірінші күні Екібастұз қаласы Полиция басқармасының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік инспекторы Полина Жұмағұлова №5,6 ЖББОМ-да құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған лекциялар, байқаулар, іс-шаралар, балалардың жарақаттануының алдын алу және жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша семинарлар өткізді. Балаларға шұғыл қызметтердің және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі Call center телефондарының нөмірлері бар жадынамалар таратылды.

Жоғары сынып оқушылары арасында «Мен және менің полицейім» атты сынып сағаты өткізілді.

Оқытушымен бірлесе отырып, әрбір учаскелік полиция қызметкерінің тиімді жұмысының негізі қызмет көрсетілетін аумақта тұратын азаматтармен тығыз және белсенді өзара іс-қимыл жасау, қажетті ақпаратты уақтылы алуға, құқық бұзушылық жасауға бейім адамдар тарапынан құқыққа қарсы іс-әрекеттердің жолын кесуге және алдын алуға мүмкіндік беретін сенімді өзара қарым-қатынас орнату болып табылатыны туралы мәселелер қарастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру