Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұз полицейлері ІІО-ға қызметке қабылдау бойынша бағдар берді

Екібастұз полицейлері ІІО-ға қызметке қабылдау бойынша бағдар берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз қаласының Солнечный және Шідерті кенттерінде полиция қызметкерлері Ішкі істер органдарына қызметке қабылдау бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Екібастұз қаласы ПБ бастығының орынбасары Дархан Нысанбеков тұрғындармен кездесті.

Іс-шараның мақсаты – ішкі істер органдарындағы қызметті дәріптеу, ІІО қызметіне түсу және мектептер мен колледждердің болашақ түлектерін ҚР ІІМ жүйесінің жоғары оқу орындарына түсуге бағдарлау.

Спикер қатысушыларға полициядағы қызметтің ерекшелігі, ішкі істер органдарында жұмыс істеу үшін қажетті қасиеттер туралы айтып берді. Дархан Ошақбайұлы полицей мамандығы беделді және сұранысқа ие, адамнан шыдамдылық пен жауапкершілікті талап ететінін атап өтті.

Пб бастығының орынбасары полицияда қызмет өткерудің артықшылықтары туралы хабарлады: жұмыс берушінің есебінен бастапқы оқыту және біліктілікті арттыру, қызмет өтіліне, лауазымына және арнаулы атағына байланысты лауазымдық жалақысын арттыра отырып, тұрақты және уақытылы жалақы, жыл сайынғы сауықтыру жәрдемақысы, ведомстволық емдеу мекемелерінде тегін медициналық қызмет көрсету, тұрғын үй жалдағаны үшін төлемдер 25 жылдық еңбек өтілі өткеннен кейін зейнетке шығу құқығы бар. Сондай-ақ, қызметке 35 жастан аспайтын, бойы 170 см-ден кем емес, білімі орта (қатардағы әскери қызметшілер лауазымы үшін) және жоғары білімі (басшы құрамдағы лауазымға байланысты қызмет бағыты бойынша), денсаулығына жарамдылығы (әскери-дәрігерлік комиссиямен анықталады).

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру