Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада құжаттарын заңдастырмаған тұрғын “Аркан” құрылғысына 9 рет түскен

Қызылордада құжаттарын заңдастырмаған тұрғын “Аркан” құрылғысына 9 рет түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 тамызда “Мегакам Қорғау” жол қозғалысын бақылау жүйесінің мүмкіндігі арқылы қала орталығында Армения мемлекетінде тіркеуде тұрған Toyota Sienna үлгісіндегі автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында 22 жастағы жүргізушінің көлік құралына тиесілі құжаттары толық емес күйде басқарғаны анықталған.

Аталған құқық бұзушылық бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделіп, автокөлік айып алаңына қойылды.

Сонымен қатар тексеру барысында аталған автокөліктің жүргізушісіне “Аркан” стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғысына жылдамдық режимін 9 мәрте бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабының 1, 2-ші бөліктері бойынша ұйғарымдар шығарылып, 172 мың 500 теңге көлемінде айыппұл салынғандығы анықталды.

Айта кететін жайт, автокөліктің міндетті сақтандыру полисі болмағандықтан, яғни құқық бұзушы жөнінде деректер базасында мәлімет болмауының салдарынан айыппұл жөнінде дер кезінде хабарлауға мүмкіндік болмаған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру