Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Құқықтық тәртіп” ЖПІШ: Қызылорда облысында 801 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді

Қызылорда облысында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасының үш күнінде 801 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының тапсырмасына сәйкес, үш күн бойы облыс көлемінде көшелер мен қоғамдық орындарда тиісті тәртіпті сақтау мен қылмыстың алдын алу мақсатында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Іс-шараға департаменттің жеке құрамы жұмылдырылып, қызмет өткерудің күшейтілген нысанына көшті. Үш күнде 801 әкімшілік құқық бұзушылық дерек анықталса, оның ішінде мүлдем төзбеушілік принципі бойынша ұсақ бұзақылықтың 76 дерегі, спирттік ішімдікті ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде келудің 131 дерегі, ҚР тіркеусіз не жеке басты куәландыратын құжатсыз тұрудың 43 дерегі тіркелді.

Түнгі мезгілде заңды өкілінің қарауынысыз жүрген кәмелетке толмағандар 87 жасөспірім анықталды. 320 тұрғын үй және жалға берілетін 110 пәтер тексерілді. Сонымен қатар, шара барысында 13 суық қару, 6 қару анықталып, тәркіленді.

Криминогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу, сондай-ақ көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесуге бағытталған бұл жедел-профилактикалық іс-шараның өту барысы департамент бастығының қатаң бақылауында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру