Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда 20 мотоцикл жүргізушісі заң бұзушылықтары үшін жауапкершілікке тартылды

Павлодар облысы, Екібастұз қаласында 20 мотоцикл жүргізушісі заң бұзушылықтары үшін жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз қаласы ПБ патрульдік полиция ротасының қызметкерлері екі доңғалақты көлік иелерінің заң бұзушылықтарының жолын кесті.

Жазғы маусымның басынан бастап Екібастұз қаласында 20 мотоцикл жүргізушісі түрлі құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 16 мотоцикл арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Осылайша, көлік құралдарын мас күйінде басқарғаны үшін 4 жүргізуші жазаланды, құжаттары жоқ, тиісті санаты жоқ 11 жүргізуші жазаланды.

– 8 қыркүйек күні сағат 16:50 шамасында Екібастұз қаласы Б.Момышұлы – М. Әуезов көшелерінің қиылысында GSX мотоциклін мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз басқарған жүргізуші тоқтатылды.

Аталған заң бұзушылық бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 2-бөлігі (Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқару) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, көлік мамандандырылған тұраққа қойылды, – деді Екібастұз қаласы ПБ патрульдік қызметі ротасының командирі Фаруз Күсембеков.

Айта кету керек, құқық қорғау органдары жаяу жүргіншілер де, көлік жүргізушілері де жол қозғалысы ережелерін сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізіп отырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру