Екібастұзда атты полицейлер қызметін бастады
Екі күн ішінде полиция Бәйет ауылдық округі, Шідерті кенті, Шиқылдақ ауылдық округі, Төрткұдық ауылдық округі аумағында рейдтер өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Рейд қорытындысы бойынша мал иелерін ішінде малдарын тиісті бақылаусыз жайылымдарға жіберетіндері де жоқ емес.
Сонымен қатар, дала аймақтарында иесіз жүрген үш жылқы табыны анықталды. Полиция қызметкерлері 82 бас жылқы айып тұрағына орналастырылды.
Алты иеленушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабы (ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды.
Республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда мал ұрлығының алдын алу және жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында ат взводын пайдалану арқылы рейдтік іс-шаралар өткізіледі.
Полиция қызметкерлері мал иелеріне келесі ережелерді сақтауға ескертеді:
• Әр жануардың жеке сипаттамасы болуы керек (түрі, тұқымы, түсі, жынысы, жасы, белгілі бір шаруашылыққа немесе адамға тән белгілері, жануар денесіне арнайы белгі салу жолымен, таңба, қарғыбы, құлақта ерекше пішінді тесіктер мен кесінділер, жануардың жарақат іздері, ерекше таңбалары, жеке белгілері).
* Малдардың қараусыз жайылып жүруіне жол бермеңіз, өйткені далада немесе жайылымда қараусыз жайылып жүрген малдар – қылмыскер үшін оңай олжа болып табылады.
* Мал жаю қатаң түрде келісім-шарт негізінде, материалдық жауапкершілік нысаны көрсетілген.
Мал ұрлығының барлық жағдайлары туралы құқық қорғау органдарына жедел хабарлау қажет.