Екібастұзда ер адам бөтеннің ВАЗ көлігін айдап әкетті
Екібастұзда ер адам бөтеннің ВАЗ көлігін айдап әкетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Екібастұз қаласының тұрғыны оның көлігін айдап әкету фактісі бойынша полицияға жүгінген. ВАЗ маркалы автокөлігін ер адам кешке Энергетиктер көшесіндегі үйдің ауласында тұраққа қойған, келесі күні таңертең көлік орнында болмады, ер адам бірден полицияға қоңырау шалды.
Екібастұз қаласының патрульдік қызметінің полицейлері қаланы патрульдеу барысында ВАЗ автокөлігін айдап әкету бойынша бағдар алды. Қаланы тексеру кезінде полиция қызметкерлері қала кварталдарының бірінен көлікті және онымен бірге ұрлық жасаған күдіктіні де тапты. Ол 33 жастағы қала тұрғыны болып шықты.
Анықталғандай, көліктің жанынан өтіп бара жатқан ер адам кілттің тұтану құлыпында тұрғанын, оның үстіне есік ашық екенін байқаған. Қаланы біршама аралап шыққан соң, ол үйіне қайтқан, сол жерде полиция ұстады. Медициналық куәландырудың қорытындысы бойынша ер адам мас күйінде болған. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 200-бабы (Айдап әкету) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Айта кету керек, ер адам деструктивті діни ағымы – салафизмнің жақтаушысы.